Корпоративтік қызметшілердің бәріне тән басты мәселе – күш-қуатыңды сарқып, денсаулығыңды бұзуға әкелетін бірсарынды жұмыс. Мұның алдын алып, өз кәсібіңде биіктерге қол жеткізгің келсе, ішкі қуатыңды игеруді үйрену керек. Осы кітапта жазылған қағидаттар мен әдістер сізді қауырт жүктеме жағдайында тиімді жұмыс істеуге, өз бойыңыздан тың күш-қуат табуға және зерек ойлы, сергек көңіл-күймен жүруге үйретеді. Кітап авторлары америкалық Human Performance Institute-тің тренинг (жаттығу) орталығын басқарады әрі жоғары нәтижелі психология саласындағы еңбектерімен кеңінен танылған. Көп жұмыс істейтіндердің бәрі алдына кәсіби және жеке мақсаттар қойып, соған жету үшін күн сайын күш-жігер жұмсайды.
Ваша программа
Заполните форму, и наш менеджер свяжется с Вами в ближайшее время